Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жүнжапырақ"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Taxobox) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Taxobox Жүнжапырақ (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың төменгі беткейлерінде өсетін 1 түрі – мақтатүсті Жүнжапырақ (L. gossypіnum) бар. Биіктігі 10 – 80 см, сабағы тік, бұтақты, қалың мақта түкті өсімдік. Төменгі жапырақтары сағақты, дөңгелек, сабақ бойындағылары отырыңқы. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, себет гүлшоғырына топталған. Тамыз – қазан айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымдары жалпақ, түкті.