Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дөңбет"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Дереккөздер: clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Дөңбет , цимболена (Сymbolaena) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда Қаратау мен Батыс Тянь-Шаньның тасты, тастақты беткейлерінде өсетін 1 түрі – ұзынжапырақты Д. (С. longіfolіa) бар. Биікт. 1 – 15 (20) см. Сабақтары жеке, жатаған, жоғ. жағы бұтақты, сыртын қалың түк басқан. Жапырақтары ұзын, түкті. Күлтелері жіпше тәрізді. Аналық мойны күлте түтікшелеріне тең, екі бөлікті. Жатыны домалақ. Орт. бөлігіндегі гүлдері қос жынысты, ақ, қызғылт түсті. Гүлсебеттері 5 – 12 гүлден домалақ шоғыр құрайды. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – шілдеде жемістенеді. Тұқымы ұсақ.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub