Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бұдыр кекек"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Бұдыр кекіре (Oxytropis echidna) – бұршақ тұқымдасы, кекек туысына жататын көп жылдық бұташық. Қазақстанда Қаратау жотасындағы Мыңжылқы тауының тастақты беткейлерінде ғана кездеседі. Ол биікт. 10 см-дей, жатаған тамырлы, тікенді бұташық. Сабағы сұрғылт, жасыл түсті, тікенді болып келеді. Қысқарған бір жылдық бұталарының ұзындығы 1 – 2 см. Жапырақтары жұмыртқа пішінді, ұзындығы 7 см, ұсақ жапырақшалары 10 – 14-тен жұптасып орналасады. Гүлі қызғылт түсті. Тұқымынан көбейеді. Шілде айында гүлдейді. Бұдыр кекіре өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>