Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Борсақ"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Борсақ , дендростеллера (Dendrostellera) – көкендер тұқымдасына жататын бұталы өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді аймақтардың құмды жерлерінде, аласа тау беткейлерінде өсетін 3 түрі (құмдық Б., масақша Б., ірімасақты Б.) бар. Олардың биікт. 0,8 – 2 м. Шырматылған бұтақты сабағы болады. Жапырақтары ұзынша, шеті төмен қарай қайрылған, түкті. Аталығы 8, екі қатарға орналасқан. Гүлсерігі төрт қалақты, гүлдері масақша гүлшоғырына топталған. Сәуір – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. Масақша Б. – Іле, Күнгей Алатауларының эндемигі. Б-ты құм тоқтату үшін пайдаланады. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>