Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Байбақ"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Байбақ , пентанема(Рentanema) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бұташық өсімдіктер туысы. Қазақстанда Қаратау мен Батыс Тянь-Шаньның тасты, тастақты беткейлерінде, жартас жарыншақтарында өсетін 1 түрі – Альберт-РегельБ. (Р. albertoregelіa) бар. Биікт. 10 – 25 см. Тамырсабағы ағаштанған. Сабағы көп, жіңішке, имек келген. Сыртын қалың түк басқан. Жапырақтары дөңгелек ұзынша, екі жағы да түкті. Боз сарғыш түсті гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Тұқымы ұсақ, қоңыр түсті.