Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Алматы тоған шаруашылығы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: аум. → аумағы, қ-н → қаласын (2) using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:08, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Алматы тоған шаруашылығы , республикадағы балық шаруашылығының бірі; толық жүйелі (уылдырықтан үлкен балықтарға дейін өсіріледі) арна. Алматы қаласынан солт.-батыста орналасқан Ащыбұлақ өз-не салынған (1937). Тоғанның жалпы аумағы 278 га, мақсатына байланысты тереңд. 0,5 – 3 м аралығында. А. т. ш-ның Ащыбұлақ бөгені (су сыйымд. 1,8 млн. м3) каналдар жүйесімен байланысатын Орт. және Боралдай телімдері бар. Тоған жылына 400 т балық (карп, толстолобик, ақ амур) пен 2 млн-ға жуық шабақтар өсіреді. Балық өнімдерімен Алматы қаласын және қала маңындағы ауылдарды қамтамасыз етеді. Үлгі:Суретсіз мақала