Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мұнай қалыптасуының басты фазасы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: Аныктамалық басылым.- Алматы: 2003 → Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Мұнай қалыптасуының басты фазасы. Шөгінді таужыныстардағы шашыранды органикалық заттар есебінен мұнай көмірсутектерінің ең қарқынды қалыптасу сатысы. Бұл процесс протокатогенездің соңғы - мезокатагенездің алғашқы сәттерінде температура мөлшері 80-90°С- пен 150-170°С аралығында болған жағдайда аталған органикалық заттардың термикалық деструкцияға ұшырауы салдарынан жүзеге асады. Мұнай қалыптасуының басты фазасы микромұнайдың түпнегіз таужыныстардан жинауыш таужыныстарға қарай жаппай жылыстауымен сипатталады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify