Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Су аномалиясы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Бастылары) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:02, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Су аномалиясы<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>(грекше аnomalia- ауытқу) — судың физикалық қасиеттері жағынан басқа минералдарға қарағанда өзгеше болуы, ауытқуы. Су аномалиясының ең бастылары:
- судың ең үлкен тығыздығы +3,98°С-та байқалады, одан әрі қарай суытса тығыздығы азайып, мұзға айналады;
- мұз ерігенде көлемі ұлғаю орнына, кішірейеді;
- сутектің оттектің кіші топтары элементтерімен қоспасының ұшпалылығы ауыр элементтерден жеңіл элементтерге ауысқанда артып отырса да, судың ұшпалылығының ең аз болуы;
- қатқан судың еру жылылығы мен меншікті жылусыйымдылығы басқа заттарға қарағанда аномал жоғары болады, мұз ерігенде жылусыйымдылық екі еседен артық өседі;
- судың жылусыйымдылығы температурасын +27°С-қа дейін көтергенде азаяды, ал содан кейін, қайтадан өсе бастайды;
- судың тұтқырлығы (t = 0 - 30°С) қысым артқан сайын азая түседі.
Дереккөздер
<references/>