Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жезқазғанит"
ш (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
23:01, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Жезқазғанит– минерал, рений сульфиді. Химиялық формуласы (Re1Mo)S2. 1961 ж. Т.А. Сәтбаева мен Е.М. Поплавко Жезқазған кентастарын зерттеу барысында алғаш тауып, жезқазғанитті толық құрамын және құрылымын анықтаған. Жезқазғанит халькозин-борнит кентастарының ішінде жіп, ілмек, глобулдер немесе сопақ сфера пішінді бөлшектер түрінде түзіледі. Жезқазғаниттің түйіршіктері микроскоппен 1000 – 20000 есе ұлғайтқанда ғана көрінеді. Электр тогын өткізгіш. Шағылысқан жарық сәулесінде – қоңырлау күлгін, иммерсияда – қоңырлана түседі. Қатт. 3 – 4. Спектрлік талдау бойынша құрамында Re – 52%, Mo – 26%, S – 22% және аз мөлшерде қорғасын мен мыс қоспалары бар. Ж-тен рений алынады. Жезқазғанит алғашқы Қазақстан жерінде табылған сирек кездесетін жаңа минерал. Эталоны Қ.И. Сәтбаев атындағы геология ғылымдар институтының көрмесінде сақтаулы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>