Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ахмет Шәмиев"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
11:06, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
Ахмет Шәмиев (11.7.1908 жыл, қазіргі Алматы облысы Жаркент қаласы — 14.6.1983 жыл, Алматы) — актер, әнші, Қазақ КСР-інің халық артисі (1970).
Мазмұны
Өмірбаяны
- Шәмиев сахналық өнер жолын 1925 жылы Жаркент қаласындағы драма үйірмесінен бастады.
- 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан.
- 1935 — 1983 жылы Ұйғыр музыкалық драма театрының (қазіргі Ұйғыр муз. комедия театры) құрамында актер болып, әр түрлі рөлдерде ойнады.
Рольдері
- Шәмиевтің алғашқы ойнаған рөлі — Ж.Асимов пен А.Садыровтың “Анархан” атты муз. драмасындағы Мұхпула.
- Бұдан кейін ол ұйғыр және шет ел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысып, сан алуан сахналық бейнелерді шынайы да тартымды ойнауымен көрермендер құрметіне бөленді.
- Қазақ драматургиясы бойынша да қойылған спектакльдерге қатысып, Қодардың (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”), т.б. рөлдерін орындады.
Шығарған әндері
2-дүниежүз. соғыс жылдары оның есімі ТМД халықтары әндерін орындаушы ретінде де белгілі болды. Ол өз жанынан
- “Қазақстан”
- “Отан”
- “Колхоз”
- “Гудок”
- “Махаббатым”, т.б. әндер шығарды.
Кинодағы рольдері
1957 жылдан киноға түскен:
- Нұрмағамбет (“Шоқан Уәлиханов”)
- Әзім (“Біз Жетісуданбыз”, 1958)
- Серкебай (“Егер де біздің әрқайсымыз”, 1961)
- Ахметжан (“Жылан жылы”, 1981), т.б.
Құрмет
Алматы қаласында ол тұрған үйге (Тимирязев көш., 113-үй) мемориалдық тақта орнатылған.
Марапаттары
“Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}