Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ірі юринея"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

10:58, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы

Ірі юринея (Ірі кекіребас) Шу, Іле тауларында және Іле Алатауының шығыс бөлігінде кездеседі. Қорымдарда, жартас айрықтарында және аласа таулардың сазды жерлерінде өседі. Сабақтары мықты. Биіктігі 40 см-ге дейін, қабырғалы. Бір-біріне қабаттаса орналасқан көптеген жапырақтары ашық жасыл түсті. Сабақ түбіндегі жапырақтар созыңқы, қысқа сағақты. Ірі, 4 см-ге дейін биік және диаметрі 3 см. Жапырақшалар орамдары сарғыш жасыл, бас жағы үшкір мықты. Гүлдеу мерзімінде ( маусым-шілде ) юринея өте тиімді көрінеді. Әсіресе аққорымда. Жемістері барынша ірі ( 0,8 см ), таспа тәрізді. Тұқымшалар аппақ қауырсынды, көпжолақты айдармен. Сирек зерттелген түр. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. <ref>А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.</ref>

Дереккөздер

<references/>