Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Лофотен аралдары"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Azim Nurbergen Лотофен аралдары бетін Лофотен аралдары бетіне жылжытты)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

22:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Лофотен аралдары (Lofoten) - Скандинавия түбегінен Вест-фьорд бұғазымен бөлінетін Норвег теңізіндегі архипелаг.

Эствоге, Вествоге, Флакстаде, Москенесе, т.б. көптеген аралдарды біріктіреді; Норвегияға қарайды. Ауданы 1,2 мың км². Биіктігі 1161 м. Жері таулы келеді. Гранит, гнейс, кристалды тақта тастан түзілген. Жағалауы жартасты, ұсақ фьордтармен тілімденген. Климаты ылғалды мұхиттық. Орташа температура қаңтарда 0°C, шілдеде 12°C. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000 мм. Лофотен аралдары жағалауы қыста қатпайды. Ірі елді мекені - Свольвер.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том</ref>

Дереккөздер

<references/>