Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көгілдір мүйіс"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(Жаңа бетте: "Көгілдір мүйіс '''Көгілдір мүйіс''' - аты әлемге жайы...") |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:56, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Сурет:Көгілдір мүйіс.jpg
Көгілдір мүйіс
Көгілдір мүйіс - аты әлемге жайылған ашық аспан астындағы геотермалды бассейн. Оның суының температурасы жыл бойына +40 С болып тұрады. Бассейн Исландияның оңтүстік - батыс жағында орналасқан. Ол елдің символдарының бірі. Жергілікті халық та, туристер де бассейнге үздіксіз келіп түсіп жатады. Көгілдір мүйіс суының 65 пайызы теңіз суынан, ал қалған 35 пайызы тұшы судан тұрады. Су құрамында минералды заттар көп болғандықтан, емдік қасиеті де бар. Оның айналасында бір шақырым қашықтыққы дейін ешқандай тіршілік жоқ. Айналасының барлығын да қап - қара лава қалдықтары алып жатыр. Судың құрамында кремний көп. Оның молекулалары күн көзіне шағылысады да, соның әсерінен су керемет көгілдір түсті болып көрінеді.