Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қайталамалы сульфидпен баю белдемі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Қайталамалы сульфидпен баю белдемі - сульфидті кендердін тотығу белдемінен төменірек орналасқан, яғни грунт сулары деңгейі мен тұрып қалған су қабатының беткі жазықтығы аралығын қамтитын белдем. Грунт сулары бұл өңірде бейтарап күйге, тіпті сілтілі жағдайға ұшырайды; осы суларда еріген тұздардың бастапқы сульфидтермен әрекеттесуі нәтижесінде қайталамалы сульфидтер қалыптасады; негізінен мыс сульфидтерінен тұратын бұл минералдар (халькозин, ковеллин, борнит) мейілінше бай мыс рудалары болып табылады. Қайталамалы сульфидпен баю белдемінің қалыңдығы ондаған-жүздеген метрмен өлшенеді, бұл қабат сульфидті (колчеданды) кендердің ең құнды бөлігі.<ref> Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сенатов, А. Абдулин.— Алматы: Қазақстан, 1996,ISBN 5-615-01738-4</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала