Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Хамада"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Хамада, Гамада, Гаммада (берберше — Тасили) — Сахарадағы тасты шөлдің атауы. Температураның күрт өзгеруі салдарынан қатты кристалдық тау жыныстарының шытынап, үгілуінен қалыптасқан. Майда қиыршық тас үйінділерінің ара-арасынан оқшау үстірттер көтеріліп тұрады. Ауданы 1 миллион шаршы километр. “Хамада” атауы кейде Жер шарының басқа да тасты шөлдеріне қолданылады.