Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Хабуб"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: "ҚазаҚ Энциклопедиясы" 9 том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанба using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
ХАБУБ (араб. — сұрапыл дауыл) — Африканың солт.-шығысындағы (негізінен Судан мен Египет жерінде) және Арабия түбегіндегі шаңды немесе құмды дауыл. Шөлден келетін суық атмосф. шептің тез араласуынан (жекелеген ұйтқыма желдің күші 60 км/сағ) қалың бұлт пайда болып, кейде биікт. 1,5 м және ені 30 км-ге жететін “қалың қою шаң” қабаты түзіледі. Әдетте бірнеше сағатқа созылады, кейде найзағайлы қатты нөсер жауынның бастамасы болады. Көбіне мамыр — қазан айларында (Хартумде жылына 24 рет) соғады.
Сілтемелер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том