Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мұқаметжан Шамүшкенұлы Ибраев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Әскери қайраткер Мұқаметжан Шамүшкенұлы Ибраев (18 мамыр 1953, Жаңаталап, Іле ауданы, Алматы облысы) — кеңестік және қазақстандық әскери қайраткер, авиация генерал-майоры, Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы (1996-2000).

Өмірбаяны

Ибраев Барнауыл жоғары әскери авиация училищесін бітіргеннен кейін КСРО Қарулы Күштерінің Орта Азия әскери округінде (1976–1979), Оңтүстік әскер тобында (1979–1984), Қиыр Шығыс әскери округінде (1984–1991) ұшқыш, аға ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары, эскадрилья командирі болып қызмет атқарып, «1-сыныпты әскери ұшқыш» атағына ие болған. 1992–1996 жылдары Қазақстан Әскери әуе күштерінде аға офицер, арнайы барлау авиация полк командирі, бомбалаушы авиация полк командирі болды. 1996–1998 жылдары Қазақстанның Әскери әуе күштері қолбасшысы, 1998 жылғы 31 наурыздан 19 тамызға дейін Қарулы Күштер Солтүстік әскери округі қолбасшысы қызметін атқарды. 1998–2000 жылдары Ресей Қарулы Күштері Бас штабы әскери академиясында тыңдаушы болды. 2000 жылғы 15 тамыздан ТМД-ға мүше мемлекеттер әскери кеңесі штабы бастығының орынбасары, осы ұйымдағы Қазақстанның өкілі.

Әдебиет

Үлгі:Wikify Үлгі:Stub