Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Марияш Тілеуқабылқызы Қадыралинова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш («Қарағанды жоғарғы оқу орындары түлектері» деген санатты қосты (HotCat құралының к)
ш (1 түзету)
 
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы бір түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

00:22, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғалым Марияш Тілеуқабылқызы Қадыралинова — филология ғылымының докторы (2003).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1953 жылы 2 мамырда Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Қондыбай ауылында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін (1978, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасын (1987, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.
Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қараман орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқу бөлімінің меңгерушісі (1978-80), Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында орыс және шет ел әдебиеті кафедрасының оқытушысы (1981-82), Қазақ педагогикалық институтында қазақ әдебиеті кафедрасында стажер-зерттеуші (1982-84), Қостанай педагогикалық институтында орыс және шет ел әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, қазақ әдебиеті кафедрасында доцент (1988-96), Қостанай мемлекеттік университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1996-98), Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты Қостанай бөлімшесінің директорының орынбасары, директоры (1999-2007), Қостанай гуманитарлық колледжінің директоры (2003-08), 2008 жылдан Қостанай әлеуметтік білім колледжінің директоры, Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде кафедра профессоры қызметтерін атқарды.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Қайта оралған есімдер" ("Возвращенные имена", 1980) атты монографиясы қазақ әдебиеті тарихының кейінгі кездерге дейін зерттелмей келген "ақтаңдақ беттеріне" арналған. Ғалымның "Қазақ әдебиетіндегі адам және уақыт" ("Человек и время в казахсткой литературе", 2002) атты орыс тілінде жарық көрген монографиясында Ахмет, Жүсіпбек, Шәкәрім, Міржақып, Мағжанның шығармаларын талдау арқылы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихының ерекше бір кезеңінің әлеуметтік философиялық қағидалары айқындалып, сол дәуірдің көркемдік ой-санасы, дүниетанудың ұлттық түрлері мен дүние түсінігі, адамның рухани өмірінің ерекшеліктері зерттелінеді.
"Әдебиет теориясы" (1999) оқулығын жазды.
Қазақтың ұлы ақын-жазушыларының өмірі мен шығармалары жайлы жазылған бірнеше монографиялардың, 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер