Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Надежда Александровна Завалко"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(Жаңа бетте: {{Ғалым |Есімі = Надежда Александровна Завалко |Шынайы есімі = |Суреті = |Сурет ені = |Сурет тақырыбы )
ш (1 түзету)
(Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 7 түзетуі көрсетілмеген)
(айырмашылығы жоқ)

00:21, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету

Үлгі:Ғалым Надежда Александровна Завалко — педагогика ғылымының докторы (2002), профессор (2006), Халықаралық педагогикалық ғылымдар академиясының (2009), Халықаралық Ақпараттандыру академиясының (2011) академигі.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1956 жылы 19 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылында туған.

Өскемен педагогикалық институтын (1979, қазіргі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті), аспирантурасын (1987) бітірген.
1979-2002 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректордың орынбасары, Жоғары педагогика, психология жəне мəдениет колледжінің директор-проректоры, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы білім беру мəселелері жөнінде ғылыми-зерттеу институтының директоры, кафедра профессоры қызметтерін атқарды.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Балабақша-мектеп-жоғары оқу орны көп сатылы жүйесіндегі оқыту процесін дараландырудың теориясы мен тəжірибесі" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми еңбегі – көп сатылы жүйедегі білім беру процесін индивидуализациялау, дарынды балаларды оқытудағы даралау мəселесі.
250-ден астам ғылыми жарияланымның, бірнеше монографияның жəне оқу құралдарының авторы.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер