Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әсия Демеуханқызы Серікбаева"
ш («Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері» деген санатты қо) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету
Үлгі:Ғалым Әсия Демеуханқызы Серікбаева — биология ғылымының докторы (2010), профессор (2011).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1959 жылы 5 мамырда Жамбыл облысы, Қаратау қаласында туған.
ҚазМУ-ды (1982, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1984-2008 жылдары қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде аға лаборант, ассистент, докторант, доцент, 2008-11 жылдары Алматы технологиялық университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты — түйе сүтінің биохимиясы, оны өңдеу биотехнологиясы және қауіпсіздігі. Биотехникалық әдістерді пайдаланып, түйе сүтін өңдеудің жаңа технологияларын ұсынып оны өндіріске енгізген.
"Биотехнологическое основы конструирования продуктов функционального питания на основе верблюжьего молока" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ден астам ғылыми еңбектің, 2 патенттің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>