Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мыңбұлақ ойлауыты"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Мыңбұлақ ойлауыты – Арал қарақұмының шығысындағы қазаншұңқыр. Қызылорда облысының Жалағаш және Қарағанды облысының Ұлытау аудандары аумағында, теңіз деңгейінен 50 – 80 м биіктікте орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 70 – 80 км-ге созылған, енді жері 35 – 40 км. Мыңбұлақ ойлауытын биіктігі 70 – 150 м болатын сайлы-жыралы келген аласа үстірт қоршаған. Оңтүстік-батысы Мойынқұм құмды алқабымен шектеседі. Қазаншұңқыр табанында суы кермек татитын 170-тен астам бұлақ бар. Сұр, сортаңды топырағында қамыс, құрақ, қара жусан, баялыш, бұйырғын өседі. <ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref>
Дереккөздер
<references/>