Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Князь Ибрагимұлы Мирзоев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Князь Ибрагимұлы Мирзоев (1947 жылы 1 мамырда, Арменияда, Масис ауд. Рейханлы ауылында дүниеге келген) – филолология ғылымдарының докторы (1987), профессор (1989). Ереван мемлекеттік университетін (1970) және аспирантурасын (1973) бітірген. Ереван мемлекеттік университетінде деканның орынбасары (1975–80), кафедра меңгерушісі (1980–90), ҚазПИ-де (қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) профессор, кафедра меңгерушісі (1990–99), проректор (1999–2004) қызметтерін атқарды. 2004 жылдан университет жанындағы Әлем тілдері орталығының меңгерушісі. «Күрд әдебиетінің халықаралық байланысы» атты тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері өзіндік қолтаңбасы бар шығыс әдебиетінің көркемдік ерекшелігіне, поэтикасының өзекті мәселелері мен салыстырмалы әдебиеттану ғылымын зерттеуге арналған. [250|250-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 10 монографияның авторы. «Құрмет» орденімен марапатталған (1998).<ref name="Source 2">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Қазақстан Республикасының курдтар ассоциациясының президенті: [1]

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub