Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Еркебек Қамбарұлы Арғымбаев"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:15, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Тұлға Еркебек Қамбарұлы Арғымбаев (11 наурыз 1947 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Самсы ауылы) — ҚР Ұлттық Қызыл Ай қоғамының президенті, медицина ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Еңбек жолы
- 1971 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.
- 1987 ж. Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген.
Қызметтері
- 1971-1977 жж. Алматы облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің дәрігер-интерні, Жамбыл аудандық туберкулез ауруханасында дәрігер-фтизиатр, Жамбыл аудандық емдеу бірлестігінің Дегерес бөлімшелік ауруханасының бас дәрігері.
- 1977-1983 жж. ҚазКСР Денсаулық сақтау Министрлігінің емдеу-профилактикалық жұмысы Бас басқармасының дәрігер-инспекторы, коллегия хатшысы, кадр бөлімінің бастығы.
- 1983-1987 жж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің Ғылым және оқу орындары бөлімінің нұсқаушысы.
- 1987-1992 жылдары Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
- 1992-1994 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары.
- 1994-1996 жж. ҚР Қызыл Крест және Қызыл Ай Қоғамының (2002 жылдан бастап ҚР Ұлттық Қызыл Ай қоғамы) бас директоры, 1996 жылдан бастап президенті қызметін атқарады.
Қоғамдық қызметі
- Денсаулық сақтау Министрлігі коллегиясының мүшесі (1992-1994, 2001-2002).
- ҚР Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия мүшесі (1998-2000).
- 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның мүшесі.
Марапаттамалары
- 1980 ж. КСРО-ның Денсаулық сақтау ісінің үздігі атанды.
- денсаулық сақтау саласына қосқан зор еңбегі ескеріліп, 1997 ж. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.
- 1998 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет дәрежесі берілді.
- «Алтын Адам – Жыл Адамы» фестиваль-конкурсының «Қазақстанның 2000 жылғы Қоғам қайраткері» номинациясының жеңімпазы.
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- 11 наурызда туғандар
- Медицина ғылымдарының кандидаттары
- Қазақстан дәрігерлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері
- Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері
- КСРО денсаулық сақтау ісінің үздіктері
- Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері
- Алтын Адам – Жыл Адамы байқауының жеңімпаздары