Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:14, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова (4 наурыз 1958, Бесқайнар ауылы, Көксу ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық ғалым, саясаткер мен химия мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы (2022), 12-Білім және ғылым министрі (2019), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының Басқарма төрайымы (2008–2023) және негізін қалаушысы.<ref>http://conference.nis.edu.kz/november2013kz/index.php/speakers/speakers-2/92-k-n Үлгі:Webarchive</ref>

Өмірбаяны

Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы Жетісу облысы Киров (қазіргі Көксу ауданы) ауданының Бесқайнар ауылында дүниеге келген. Орта білімін бітірген соң, жоғары білімді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінде алған, 1979 жылы аяқтаған. Бірінші жұмыс орны 1979 жылы Алматы облысындағы, Көксу ауданындағы Амангелді атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болған. 1981-1986 жылдар аралығында комсомолдық қызметте еңбек еткен.

Комсомолдық жұмыстардан кейін түрлі деңгейлерде партиялық жұмыс етті. Басында, 1986 жылдан бастап Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарған, ал 1991 жылы Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы ретінде еңбек еткен.

1991 жылы партиялық жұмыстарды аяқтап білім саласында қызмет етті. 1992 жылға дейін Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары болды.

1992 -1996 жылдары Талдықорған қаласындағы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп директорының қызметін атқарды.

1996 жылдан бастап қалалық атқарушы органдарында жұмыс жасаған. Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары 1996 - 2002 болып, 2002 жылдың ақпан айынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде вице-министр лауазымына тағайындалған.

2005 - 2007 жылдары – «Бөбек» РМКК Ұлттық ғылыми практикалық білім және сауықтыру орталығының Бас директоры болған.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде вице-министр лауазымына қайта тағайындалған.

2009 жылғы қазан - 2023 жылғы наурыз аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы болды.<ref>http://nis.edu.kz/kz/about/corp-gov/board-trust/ Үлгі:Webarchive</ref>

2025 жылы К.Шәмшидинованың «Үздік. Балаға қалай көмектескен жөн? Мектепте де, өмірде де» атты кітабы жарық көрді.<ref>https://egemen.kz/article/396673-bala-tarbiesininh-oqulyghy</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер