Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
(Жаңа бетте: {{Мемлекеттік қайраткер|Есімі=Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов|Титулы=Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі|Ту=Flag of Kyrgyzstan.svg|Ту2=) |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы бір түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
13:14, 2025 ж. қаңтардың 2 кезіндегі түзету
Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов (5 қаңтар 1956, Володар ауданы, Көкшетау облысы) — қазақстандық дипломат, елші. II дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші және техника ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны
1956 жылы 5 қаңтарда Көкшетау облысы, Володар ауданы, Қазан ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы) дүниеге келді.
Білімі
1979 жылы Қарағанды политехникалық институтын “мұғалім-инженер” мамандығы бойынша тәмамдап, 2000 жылы Қазақстан СІМ Дипломатиялық академиясында және 2003 жылы Лондонның экономика мектебінде тәжірибеден өтті.
Мансабы
- 1979—1980 — Қарағанды политехникалық институты комсомол комитетінің хатшысы;
- 1980—1983 — Қарағанды политехникалық институтының ассистенті;
- 1983—1992 — Қазақ политехникалық институтының, Алматы сәулет-құрылыс институтының аспиранты, ғылыми қызметкері, оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі;
- 1992—1993 — “Қазпромэкспорт” бас директорының орынбасары;
- 1993—1995 — Қазақстанның Түркиядағы Сауда үйінің бас директоры;
- 1995—1997 — Nakosta компаниясының бас менеджері;
- 1997—1998 — “Техноинвест” компаниясының директоры;
- 1998—2002 — Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаментінің директоры, директордың орынбасары, Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету департаментінің директоры;
- 2002—2006 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы;
- 2006—2015 — Қазақстанның Армениядағы елшісі;<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2015—2018 — Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі;<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2018—2021 — “Сыртқы саясатты зерттеу институты” АҚ төрағасы.
Жеке өмірі
Үйленген, жұбайы Баян Бозжігітова (1958 туған). Балалары: ұлы — Әмір (1979 туған) және қыздары — Айгерім (1986 туған) мен Айша (1988 туған) Бозжігітовтер.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары мен атақтары
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001);
- Қазақстан президентінің құрмет грамотасы (2002);
- Құрмет ордені (2007);
- Астанаға 10 жыл медалі (2008);
- Қазақстан президентінің алғысы (2010);
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011);
- Қазақстан премьер-министрі орынбасарының алғысы (2012);
- Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі (2015);
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (2016);
- Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл медалі, Қазақстан президентінің алғысы (2017);
- Астанаға 20 жыл медалі, Парасат ордені, Қазақстан Сыртқы істер министрінің Құрмет грамотасы (2018);