Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Перизат Бәйтешқызы Сейітқазы"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғалым Перизат Бәйтешқызы Сейітқазы — педагогика ғылымының докторы (2009), профессор (2011).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1966 жылы 20 қарашада Павлодар облысы, Май ауданы, Жалтыр ауылында туған.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (1990, қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) бітірген. 1990-98 жылдары осы университетте жастар ұйымының жетекшісі, аға оқытушы, 2001-08 жылдары Еуразия ұлттық университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, 2008 жылдан доцент, 2011 жылдан кафедра профессоры қызметін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – медиапед. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ақпарат құралдарының педагогикалық әлеуетін зерттеген ғалым. Ғылыми еңбегінде қазіргі замандағы білім жүйесіндегі медиаресурстардың рөлі, функциялары көрсетілді.
"Болашақ мұғалімдерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тәрбие үрдісіне дайындаудың ғылыми-теориялық негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 4 оқу құралының авторы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2007, 2013).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
- Қазақстан Республикасының "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2016);
- Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі (2021);
- Мемлекеттік ғылыми стипендия (2021).<ref>Сейітқазы Перизат Байтешқызы.</ref>