Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова (1 тамыз 1978 жыл, Алматы) — қазақстандық мемлекет қайраткер, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы. Әбілқасымова бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2018–2019) еді.
Отбасы
- Әкесі — Ерасыл Әбілқасымов (28 шілде 1948 жылы туған) — урология ғылыми орталығының директорлар кеңесінің төрағасы (2012 жылдан бастап), Мәжілістің 2- (2001—2004) және 3-сайланым депутаты (2004—2007), «Қазақ елі» партиясының төрағасы (2001—2004).
- Анасы — Алма Есімбекқызы Әбілқасымова (6 сәуір 1949 жылы туған) — Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогикалық қызметкерлердің білімін дамыту орталығының директоры (2013 жылдан бастап), Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті (2011—2013).
- Күйеуі — Нұрлан Ерғәліұлы Абдрахим (9 маусым 1980 жылы туған) — Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары (2023 жылдан бастап), президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру—аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2021—2023), президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2019—2021).
- Балалары — Аружан (19 наурыз 2007 жылы туған), Диана (11 қараша 2009 жылы туған), Әлихан (11 шілде 2015 жылы туған) Абдрахимдер.
Білімі
1999 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
2002 ж. – Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.
2011 ж. – Кеннеди атындағы Гарвард университетінің мемлекеттік басқару мектебін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы
1999—2001 жж. – Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттіктің бас маманы.
2003—2004 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы.
2004—2006 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ-ның мемлекеттік саясатты талдау департаменті директоры
2006—2008 жж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2008—2011 жж. – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің стратегиялық әзірлемелер мен талдаулар орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2011—2013 жж. – ҚР экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2012—2013 жж. – Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары.
2013—2014 жж. – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.
2014—2018 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.
2018 жылдың ақпаны – 2019 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
2019 жылдың 12—28 наурызы – ҚР ұлттық экономика вице-министрі.
2019 жылдың 28 наурызынан — Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
2019 жылдың 18 желтоқсанынан – Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрағасы.
Марапаттары және атақтары
Мемлекеттік наградалары: «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы еңбегі үшін» II дәрежелі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдары, «Құрмет» ордені.<ref>Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы</ref>