Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Нұрғали Құлшыманұлы Мамыров"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғалым

Мамыров Нұрғали Құлшыманұлы (27.9.1938 ж.т., Алматы облысы Кеген ауданы Алғабас ауылы) — экономист-ғалым, экономика ғылымының докторы (1978), профессор (1980), академик(2003).

Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

ҚазМУ-ды бітірген (1961). Алматы халық шаруашылық институтында (1982 — 87), Республика “Мемсәулетқұрылыс” басқарушы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру мектебінде ректор (1992 — 93), Жамбыл жеңіл өнеркәсіп технология институты Алматы бөлімшесінің директоры (1993 — 94) қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының (2001 жылдан Қазақ экономика университеті) ректоры. Зерттеу еңбектері өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру мәселелері, сондай-ақ Қазақстан экономикасы негізіндегі нарықтық экономиканың өзекті мәселелеріне арналған. Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық иегері (2002). Халықтар достығы, Парасат ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify

Үлгі:Stub