Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Азынабай-тайпақ жазығы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Азынабай-тайпақ жазығы<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref> – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жайық өзенінің сол бетінде орналасқан табиғи көлтабанды өңір. Өлеңті өзенінің тартылар тұсындағы Аяқ бөгенінен Азынабай-Тайпақ суландыру жүйесі басталады. Жүйедегі арнаның жалпы ұзындығы 115 км, су ағымы 2,5 м3/с. Су ағымын реттегіш 73 қондырғы, мал суаратын 42 тоған бар. Көлтабан жүйесіндегі шөбі шүйгін жайылымдық және шабындық алқаптар су мол жылдары 45 мың га-ға дейін суландырылады.
Дереккөздер
<references/>