Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сұлутөбе қалашығы"
() |
ш (1 түзету) |
| (Оң жақ жоғарыда көрсетілген қатысушының (бір ғана қатысушының) арадағы 2 түзетуі көрсетілмеген) | |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:10, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету
Үлгі:Көне қалашық Сұлутөбе қалашығы (ХІ-ХІV ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.
Орналасқан жері
Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан солтүстікке қарай 2 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында, құм шағыл тізбегінде орналасқан.
Сипаты
Ескерткішті 1990 жылы ҚазКСР ҒА-ның қалаларды зерттейтін археологиялық экспедициясының тобы (П.Е. Қаратаев]]) ашып, зерттеген. Өлшеу жұмыстарын жүргізіп, жоспары түсірілді. Көтерме материалдар жиналып алынды. Қазба жұмыстары жүргізілмеген.
Жоспарында сопақтау болып келген қалашық солтүстік-оңтүстік бағытында созылып жатыр. Шағыл құмның әсерінен ескерткіштің нақты шекарасын анықтау мүмкін емес. Биіктігі 3-тен 5-6 м-ге, диаметрі 45 м шағыл құмдарда қыш ыдыстармен безендірілген құрылыстардың қалдықтары көрініп жатыр. Әсіресе, өзінің көлемімен оңтүстік бөлігі ерекшеленеді. Кейбір жерлерде тікбұрышты бөлмелердің жоспары анық байқалады. Айналасында ені 14-18 м өзен-каналдардың іздері сақталған. Солтүстік-оңтүстік сызығы бойынша тіркелген ұзындық – 30 м. Ғимараттардың қалдығы болып табылатын төбешіктердің диаметрлері 12-15 м-ге жетеді.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 б. ISBN 9965-26-382-5</ref>