Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қамысты полиметалл кен орны"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Сурет:East Kazakhstan in Kazakhstan.svg
Шығыс Қазақстан облысы.

Қамысты полиметалл кен орны - Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, Кенді Алтайдағы алей антиклинорийінің оңтүстік-батыс қанатында орналасқан. Кен орнын Т. Жәутіков, Э.С. Пономарев, Г.Д. Ганженко, М.Тойбазаров, т.б. геологтар зерттеген.

Геологиялық құрылымы

Кен орнында ерте девонның кварц-хлоритті, кварц-альбит-эпидотты тақтатастары және олардың үстіне үйлесімсіз бүркелген төменгі – жоғарғы девонның базальт-риолиттік формациясының жанартаулық шөгінді түзілімдері таралған. Жанартаулық шөгінді тау жыныстары көптеген жоғарғы девондық қышқыл және негізгі құрамды субжанартаулы интрузиялармен қиылған. Олар геологиялық қимада силл тәрізді пішінімен ерекшеленеді. Кен орны батыс және солтүстік-батыс жағынан Змеиногорск кешенінің (С3 – Р1) гранитоидтарымен жиектеледі. Кен орнындағы кен денелері түзу бойымен созылған Қамысты синклинальдық құрылымында орналасқан.

Жатыс сипаты

Кен шоғырларының ұзындығы 300 м-ден 1080 м-ге дейін, ені 90 м-ден 270 м-ге дейін, ал қалыңдығы 4-15 м, кейде 40 м-ге дейін жетеді. Кен орнында негізгі кен шоғыры және бірқатар ұсақ линзалар мен кен денелері кездеседі. Негізгі кен шоғырының пішіні күрделі. Кентастың полиметалды және мысты-мырышты екі түрі кездеседі. Полиметалды кендер алтыны бар барий-полиметалды және колчеданды-полиметалды болып екі минералдық түрге ажыратылады.

Минералдары, құрамы

Мысты-мырышты кендер колчеданды-мысты-мырышты, мысты-колчеданды және күкіртті-колчеданды болып үш минералдық түрді құрайды. Негізгі бағалы құраушылары – мыс, қорғасын, мырыш, серіктестері – пириттік күкірт, барий, алтын, күміс. Пайдалы қосындылары – кадмий, висмут, сынап, селен, молибден, ал зияндылары – күшәла және сүрме.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub