Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Алтай кен байыту кешені"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Kazzinc» деген санатты аластады; «Қазмырыш» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Алтай кен байыту кешені (еск. Зырянов кен байыту кешені) – Қазақстандағы қорғасын-мырыш кентастарын өндіріп, байытумен айналысатын ірі түсті металлургия кәсіпорны.

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында орналасқан. Қазмырыш концернінің құрамына кіреді.

Тарихы

1791 жылы ашылған Зырян кенді ауданы негізінде 1953 жылы құрылды. 1953-1993 жылдары Зырянов қорғасын-мырыш комбинаты, 1993–1997 жылдары “Зырянов қорғасын-мырыш комбинаты” акционерлік қоғамы болып аталды. 1997 жылы “Зырянов кен байыту кешені” акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Құрамында қорғасын зауыты, Грехов және Малеевка кеніштері, кен байыту фабрикасы бар.

Өнімдері

Ашық әдіспен және жер астында өндірілетін қорғасын, мырыш кентастары кен байыту фабрикасында өңделіп, қорғасын, мырыш, мыс концентраттары түрінде өнім шығарылады. Кешенде 1000-ға жуық адам жұмыс істейді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub