Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Айдаһар үңгірі"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Үңгір Айдаһар үңгірі — Ақмола облысындағы ерекше орын. Бұл жер туристер мен өңір тұрғындарының энергиялық күш алу үшін келетін қасиетті орны ретінде елге танымал<ref>https://www.inform.kz/kz/akmoladaga-aydahar-ungiri-emshinin-kasieti-pen-energiyasy-kalgan-zher_a3551516 Үлгі:Webarchive</ref>.
Географиялық орны
Үңгір Зеренді ауданы Үлгілі ауылында орналасқан. Үңгірдің ұзындығы — 270, ені — 70, биіктігі — 35 метр шамасында. Үңгірге кіре бергенде қарағай мен көк жапырақты қайыңдар бой көтерген. Осы жапырақтардың суық та арасымен таралған, үңгірдің қабырғалары дымқыл болғанымен, күн сәулесі үңгір ішіне ерекше жарық береді.
Аңыздар
Жергілікті тұрғындар бұл үңгірді киелі орын деп санайды. Ол адамның жан дүниесін тазарту үшін өте пайдалы деседі. Үңгірге рухани күш алу үшін шығармашылық адамдары да жиі келеді.
Аңызға сәйкес, бұл үңгірде емші адам өмір сүріпті-міс, оның алдына барып емделу қиын болыпты, бірақ емделген адам кез-келген ауруынан сауығып кетеді екен. Емші қарт қайтыс болғаннан кейін, емшінің энергиясы осы үңгірде сақталып, ауруына шипа іздеген жандарға жәрдемін береді екен<ref>Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары. — Астана: Фолиант, 2017. — 504 б.</ref>.