Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Октябрь үңгірі"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Үңгір Октябрь үңгірі – Іле Алатауының солтүстік беткейінде, 3300 м биіктікте орналасқан, Қазақстандағы ең ұзын (1390 м) үңгір.
Географиялық орны
Кіші Алматы өзенінің бастауындағы Богданович мұздығының етегінде, Шымбұлақ шаңғы базасынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-дей жерде.
Сипаты
Үңгірдің ауыз пішіні сопақ, ені 1 – 3 м, ішкі биіктігі 12 – 15 м, түп жағындағы ені 4 – 10 м-ге кеңейіп, биіктігі 1,5 м-ге аласарады. Үңгірдің төбесі бірнеше жерден тесілген, оның тар ауызды камералары жер бетіне шығып жатыр. Мұздық суы әрекетінен үңгір қабырғалары мен табанының пішіні үнемі өзгеріп отырады. Үңгір аузын қар көшкіндері жиі басып қалады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>