Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Барқын (құм)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Салиха Барқын құм бетін Барқын (құм) бетіне жылжытты: Атауын өзгерту) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Шөл Барқын – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жеріндегі құмды алқап.
Географиялық орны, жер бедері
Ойыл және Қуырдақты өзендері аралығында, Ойыл ауылының оңтүстік-батысында орналасқан. Аумағы 3,4 мың км2.
Өсімдігі
Шөптесін өсімдіктерден жүзгін, құланқұйрық, құмаршық, жыңғыл, сондай-ақ қарағай да жиі кездеседі. Олар құм көшкінін тоқтату мақсатымен 1873, 189, 1903, 1907, 1913 жылдары отырғызылған. Бүгінде қарағайлы қалың орман пайда болып шоқ тал, қараған, қара терек, қайың өсіп тұр. Құмның етектеріндегі шалғындарда орхидейдің, шатырлы гүлбұтаның, құртқагүлдің сирек кездесетін түрлері пайда болған.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>