Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Төлетай Қайтбайұлы Нысанов"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Тұлға Төлетай Қайтбайұлы Нысанов (1936, Редут ауылы, Гурьев облысы, Қазақ КСР - 1978) — кеңестік және қазақстандық геолог-барлаушы, мұнайшы-инженер, Теплов-Тоқарев кен орындары тобын алғаш ашушылардың бірі, Қазақстан мұнай барлау саласының көрнекті өкілі.

Өмірбаяны

Нысанов Төлетай Қайтбайұлы 1936 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) облысының Махамбет ауданы Редут ауылында дүниеге келген.

Грозный мұнай институтын 1961 жылы бітіріп, еңбек жолын Құлсары мұнай барлау экспедициясында (МБЭ) бұрғылаушы, геолог, кейін аға геолог болып бастады.

1964–1965 жылдары Батыс Қазақстан геологиялық басқармасының аға геологы.

1965–1967 жылдары Құлсары мұнай барлау экспедициясының бас геологы.

1967–1972 жылдары Каспий маңы мұнай барлау экспедициясының бас геологы.

1972–1978 жылдары «Қазақмұнайгазбарлау» бірлестігінің геология бөлімінің бастығы және бас геологы болды<ref>http://vngk.kz/2024/07/12/%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83%D0%BC%D2%B1%D0%BD%D0%B0%D0%B9%D0%B3%D0%B0%D0%B7%D0%B3%D0%B5%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F-%D3%A9%D0%B3%D0%B1-%D0%B3%D1%96-%D0%B6%D3%99%D0%BD/</ref>.

Т.Нысановтың жетекшілігімен Каспий маңы ойпаты мен Солтүстік Үстірттегі тұзасты қабаттарында мұнай іздеу және барлау жұмыстары кеңінен жүргізілді. 1973 жылы оның қатысуымен Теплов-Тоқарев тобына жататын тұзасты мұнай кен орындары ашылды. Кейін осы бағыттағы зерттеулер Қарашығанақ сияқты ірі кен орындарының ашылуына негіз болды.

Төлетай Нысанов мұнай барлау ісінде ғылым мен өндірістің байланысын нығайтуға, геологиялық ізденістердің тиімділігін арттыруға зор үлес қосты. Оның бастамасымен «Каспий маңы ойпаты мен Солтүстік Үстірттегі мұнай іздеу және барлау жұмыстарын тіркеу мен талдау картасы» жасалды — бұл Қазақстандағы мұнай барлау ісінде ғылым мен тәжірибені ұштастырған алғашқы құжаттардың бірі болды. Ол еңбекқорлығымен, жоғары кәсіби шеберлігімен және жас мамандарға қамқорлығымен танылды. Т.Нысановтың есімі Прорва аймағында ашылған жаңа Кольжан мұнай кен орнына берілді - Нысан кен орны<ref>https://atr.kz/economic/toletaj-ta-ylymy-rpaktar-zhadynda/?ysclid=mhslqmry5t818984818</ref>.

Марапаттары

«Құрмет Белгісі» ордені.

Еңбегі үшін медальдар мен құрмет грамоталары

Әдебиеттер

Қазақстанның мұнай энциклопедиясы (екі томдық). «Мұнайшы» қоғамдық қоры. Алматы, 2005. ISBN 9965-9765-1-1

Первооткрыватели месторождений нефти и газа Казахстана. ОО «Казахстанское Общество Нефтяников-Геологов» (КОНГ), Алматы, 2024. ISBN 978-601-7837-16-7.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер