Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Армян шіркеушесі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғимарат Армян шіркеушесіМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Форт-Шевченко қаласы, Н. Оңғарбайұлы көшесі, №49 ғимараттың жанында орналасқан.

Сипаты

Шағын шіркеуше 1892 жылы қаланың кез-келген бұрышынан көрінетін етіп салынған. Жоспары бойынша үйлестірілген 8 бұрышты етіп, төрт бұрыш іргетас үстіне салынған. Шіркеушенің төрт қасбеті бірдей. Есік қуысы шығы және қасбетіндегі алдамшы есік қуысы портикті лекпен бағанды (колонна) етіп көрсетілген. Төбе жабындысы кішігірім ұштық таспен және ағаш айқас белгісі (+) бекітілген (қондырылған) күмбезді етіп қаланған.
Шіркеу қасбеттері әкті-құмтастың тақта тастарынан қашап сәнделген. Маңдай алды карнизі өсімдік өрнекті оймышпен әшекейленген. Карниз бұрыштары (фронтоны) үстіне мүсіндік өрнектер (пальметтер) архитектуралық құрлысты қолданылар элемент акротермен сомдалған.
Іргетасы және қабырғалары ұлутас кесектерінен қаланып, қасбеттері сыланып, әктелген. Шіркеуше күмбезі күйдірілген қыш кесектен салынған. Күмбездің төбе шатыры қаңылтырмен жабылған. Шіркеу едені де ұлу тақта тастасынан төселген.
Құрлыстық жоспар өлшемі – 7,0×7,0 м.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер