Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қарахан ата мазары"
() |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ғимарат Қарахан ата мазары – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Түркістан қаласынан солт.батыста 44 шақырым жерде, Жібек жолы ауылдық округі аумағында, Сауран қаласының шығыс жағында 200-300 метр қашықтықта орналасқан<ref name=":0">«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени ескерткіштер»: жинақ / «Service Press» баспасы, 184 б. Алматы 2025 ж. 65 бет. - ISBN 978-601-7316-24-2</ref>.
Кезеңі
XIV-XVIII ғғ.
Кесене сипаты
Мұнда күйдірілген қыштан салынған кесенелердің қиранды қалдықтары мен құрылыссыз молалардың орындары сақталған. Зират пахса дуалдарымен қоршалып, жалпы ауданы 60х80 метрлік тіктөртбұрышты жерді алып жатыр. Қазіргі таңда пахсадан қаланған зираттың қорғандарынан тек айнала қоршалған үйінділері ғана қалған<ref name=":0" />.
Тарихи деректер
Жергілікті халық осы зираттың ең үлкенінде Қарахан ата жерленгендігін айтады. Ол туралы аңыз-әпсаналардың бірінде көне замандарда Сауран халқының малы қарақан ауруына шалдығады. Кеселден бақташылардың бірі малдардың Қарахан ата мазарының маңына түнетіп, аурудан аман алып қалады. Кейіннен бұл орын қасиетті саналып, зиарат орнына айналды. Жергілікті халық бұл зиратты «Қарақан ата», «Қарақан әулие» деп те атайды. Қарахан ата мазарында Сауранның ең атақты адамдары мен осы қаланы салуға көп еңбегі сіңген Ақ Орданың ханы Сасы Бұқа (1320 ж. қ.б) да жерленген болуы мүмкін. Күйген қыштан қаланған кесенелердің ірге бөліктері сақталған, тіпті біреуінің жер асты мүрдеханасы да бар екендігі анық байқалады. Қарахан ата қорымы Сауран қаласынан бұрын-ақ қалыптаса бастағандығы анық. Қарахан ата да аңыз әңгімелердегі «Сауранның тоғыз әулиесінің» бірі болып табылады<ref name=":0" />.
Дереккөздер
Үлгі:Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері