Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сырлытам кесенесі (Жаңадария)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Ғимарат Үлгі:Мағына Сырлытам кесенесі (Жаңадария)Қызылорда облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген қала құрылысы және сәулет өнерінің ескерткіші.

Орналасқан жері

Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 106,5 км.

Кезеңі

ХІІ-ХІІІ ғасырлар.

Тарихы, сипаты

Сырлытам кесенесі (түркі тілінде "жұмбақ үй") – Алтын Орда кезеңіндегі сәулет өнерінен өте жақсы сақталған ескерткіштерінің бірі. Сырлытам бір камералы порталды-күмбезді құрылыс болып табылады. Құрылыс Орта Азияның ортағасырлық үйлеріне сәйкес келеді. Күйдірілген кірпіштен қаланған, сыртқы ауданы 10x11 м, бүлінгеннен кейінгі биктігі 9 м. 16 қырлы барабаны (мойындық күмбезделіп бітеді, оңтүстік және солтүстік жағында есіктері бар. Барабанының терезелері де сүйірленіп жасалған. Алдыңғы жағындағы пештағы майолика жалатылған плиталардан "П" әрпі тәрізді белдеу жасалып өрнектелген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
ХХ ғасырдың ортасына қарай кесене аздап қирады, әсіресе, күмбезді бөлігі бұзылды. 2000-жылдары Сырлытам қайтадан жаңғыртылды. Қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында құрылыс ерітіндісі мен жылтыр қызыл кірпіштің құрамы ерекше қасиеттерге ие екендігі анықталды, қазіргі күні бұл қасиеттердің құпиясы сақталмады. Ақсақалдардың айтуынша, кірпіштердің өте ашық түстері мен сапасы көбінесе кірпіштің қоспасына қосылған түрлі түсті әйнектердің бөлігіне байланысты. Сонымен бірге, қабырғаларының оюланып әрленуі де ерекше қызығушылық туғызады, мысалы, қасбетті жылтыратудағы оюлы күйдірілген сары балшық.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>
1982 жылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері