Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қоржынды"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Aidanka Amir (т) өңдемелерінен Салиха соңғы нұсқасына қайтарды) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Түбек Қоржынды – Арал теңізінің солтүстік жағалауындағы түбек.
Сипаты
Абсолюттік биіктігі 108 м. Ақтөбе облысына қарасты жерінде құдық, ал Қызылорда облысына қарасты шығыс жағында қорым (мола) бар. Теңізге жағалауы жарқабақты. Биіктігі 32 м-ге дейін жетеді. Жер қыртысы олигоцендік саз, құмдық мергельден тұрады. Түбектің батысында Құмсуат, шығысында Безымянный мүйістері орналасқан. Табиғаты өте қатаң, жазы ыстық, қысы суық, сусыз шөл дала.
Өсімдігі
Өсімдік жамылғысын жусан, еркекшөп, әртүрлі бұталар мен эфемерлер құрады. Қоржынды түбегін жаз айларында жайлауға ғана пайдаланған.<ref>"Қарқаралы" кітабы</ref>