Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Кекірелі"
(Rescuing 1 sources and tagging 0 as dead.) #IABot (v2.0.8.9) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Кекірелі — Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 215 км-дей жерде, Қызылқұмның қиыр солтүстік бөлігінде орналасқан.
Тарихы
Кезінде Кекірелі «Жаңақала» кеңшарының қой фермасы және жазғы жайлау, қысқы қыстау орны болған. Осы жерден солтүстік-шығысқа қарай 18 км жерде сексеуіл тоғайы орналасқан. Төңірегінде бірнеше артезиан құдықтары бар. Құмды өңірдің Кекірелі аталуы, мұнда кекіре өсімдігінің ерекше көп өсетін орны болған. Сырдарияның сол жағалық тармағы – Жаңадария өзенінің суы 20-ғасырдың орта кезінде осы Кекіреліге жететін.<ref>«Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 13 адам (8 ер адам және 5 әйел адам) болса, 2009 жылы 79 адамды (48 ер адам және 31 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>