Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ақмырза Төсов"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|||
| Жол нөмірі 10: | Жол нөмірі 10: | ||
| occupation = | | occupation = | ||
}} | }} | ||
| − | '''Ақмырза Төсов (Төсұлы)''', Ақмырза ишан ([[1881 жыл|1881]], қазіргі [[Қызылорда облысы]] [[Қармақшы ауданы]] [[Көмекбаев ауылы]] – [[1930 жыл|1930]], [[Қармақшы ауданы]] [[Көмекбаев ауылы]]) – діни қайраткер, көтеріліс басшысы. | + | '''Ақмырза Төсов (Төсұлы)''', Ақмырза ишан ([[1881 жыл|1881]], қазіргі [[Қызылорда облысы]] [[Қармақшы ауданы]] [[Көмекбаев ауылы]] – [[1930 жыл|1930]], [[Қармақшы ауданы]] [[Көмекбаев ауылы]]) – діни қайраткер, көтеріліс басшысы. [[Алшын]] тайпасының [[Шөмекей]] руының Бозғұл аймағының Жолай аталығынан шыққан. |
==Биографиясы== | ==Биографиясы== | ||
| Жол нөмірі 32: | Жол нөмірі 32: | ||
[[Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстардың көсемдері]] | [[Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстардың көсемдері]] | ||
[[Санат:Қазақстан ишандары]] | [[Санат:Қазақстан ишандары]] | ||
| + | [[Санат:Көкілташ медресесінде (Бұхара) оқығандар]] | ||
05:19, 2023 ж. наурыздың 3 кезіндегі түзету
Үлгі:Infobox Biography Ақмырза Төсов (Төсұлы), Ақмырза ишан (1881, қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылы – 1930, Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылы) – діни қайраткер, көтеріліс басшысы. Алшын тайпасының Шөмекей руының Бозғұл аймағының Жолай аталығынан шыққан.
Биографиясы
- Ауыл молдасынан білім алып, кейіннен Бұхарадағы Көкілташ медресесінде оқыған.
- Стамбұл қаласында діни білім алып, “ахун”, “ишан” дәрежесінде 1908 жылы Қармақшы өңіріне оралды.
- Қуаңдария бойында мешіт салдырып (бүгінде Ақмырза Төсов атында), шәкірт тәрбиеледі.
- Ақмырза Төсов 1928 жылы Кеңес үкіметінің ірі байлар мен орташаларды тәркілеу саясатына қарсы шықты.
- 1930 жылы наурыз айында Қарақ елді мекенінде қарулы көтеріліс басталды. Ақмырза Төсовтің жасағында 500-ден астам көтерілісші болған. Ақмырза Төсов бастаған көтерілісшілер жазалаушы Пукановтың жасағымен екі рет кескілескен ұрыс жүргізді. Ұрыс кезінде көтерілісшілерден 170 адам, жазалаушылардан 4 адам қаза тауып, 5 адам жараланды. Қызылқұм ішінде болған екінші шайқаста Ақмырза Төсовтің 107 адамы қаза тауып, 150-дейі жарақат алды. Осы 26 наурыздағы соңғы шайқаста Ақмырза Төсов қасындағы 3 адамымен және көтеріліс басшысы Жанұзақ Батыров қаза тапты. Оның Тоқмырза, Тоймырза атты інілері мен 200-дей көтерілісші Қарақалпақ өңіріне бет алды. Кейін оларды ОГПУ жасағы ұстап, 10 адам ату жазасына, 41 адам 10 жылға дейін еңбекпен түзеу лагеріне жіберіліп, 6 адам жер аударылды. Жазалау барысында мешіт бұзылып, діни кітаптар өртелді.
- Ақмырза Төсов бірнеше діни кітаптардың авторы.
- Бүгінде Ақмырза Төсовтің ұрпақтары Ауғанстан, Түркия, Иран елдерінде, Қызылорда облысы Қармақшы ауданында тұрады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>