Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Оспан Мәлібаев"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Оспан Мәлібаев (1899, қазіргі Сырдария ауданы О. Мәлібаев ауылы– 1984, сонда) – еңбек ардагері. 1920 – 25 жылы Ташкент, Бұхара қалаларында жұмыс істеп, Қызыл Армия қатарында болған. 1925 – 57 жылдары Сырдария ауданы «Қызыл диқан» ұжымшарында жұмысшы, бригадир, ферма меңгерушісі, 1957 – 63 жылдары ұжымшар, кеңшар төрағасы қызметтерін атқарды. Мәлібаев басқарған ұжымшар бірнеше мәрте Бүкілодақтық халық шаруашылық көрмелеріне қатысып, жүлде алды. Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Ұлы Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1992 жылы 30 қазанда кезінде ол басқарған шаруашылыққа Мәлібаев есімі берілді.