Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Өгем жотасы"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Тау Өгем – Тәңір тауы тау жүйесінің батысындағы тау жотасы. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 110 км-ге созылған, енді жері 30 км-дей. Ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м).
Геологиялық құрылымы
Төменгі карбонның әктас, құмтас жыныстарынан түзілген.
Жер бедері
Оңтүстік-батысы көлбеуленіп Шарбақ бөгеніне (Өзбекстан) тіреледі. Жер бедері әр түрлі; төменгі шекарасы шалғындық жазықтар. Жазық жайлауларында бұлақ, бастаулар мол. Биік жоталарды мұздықтар басып жатыр. Қазығұрт, Төле би аудандары аумағына Өгем жотасының солтүстік мен оңтүстік-батысы кіреді. Құмкезең, Жалтыр, Көнекті, Жетіүңгір, Пиязды, Шымырбай, Азартеке, Мақпал жоталарынан, Тұрпақбел, Майдантал асуларынан тұрады. Өгемнің Талас Алатауымен қиылысқан жерінде Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Тау мұздықтарынан Өгем, Піскем өзендерінің салалары: Майдантал, Балдыбірек, Сайрамсу, Сарыайғыр өзендері бастау алады.
Өсімдігі
Таудың қоңыр, альпілік шалғынды топырағында, тау етегінде әр түрлі шөптесіндер, бұта аралас жеміс ағаштары, биіктік белдеуінде аршаның түрлері, субальпі, альпі шалғыны өседі.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>