Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Көксу бұлақтары"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Көксу бұлақтарыАлматы облысында, Көксу өзенінің аңғарында, Текелі қонысынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Олар шығыс (2800 м биіктікте) және батыс (2200 м биіктікте) бұлақтар деп бөлінеді. «Кремнийлі жылы су» минералды тұмалар қатарына жатады. Кей жерлерде аллювийлі шөгінділердің жұқа қабаты жапқан гранит жарықшаларынан шығады. Жиынтық шығымы тәулігіне 210 м3. Суы мөлдір, температурасы 25,5°С, минералдылығы 0,25 – 0,30 г/л, құрамы жағынан гидрокарбонатты сульфатты-натрийлі, сәл сілтілі (рН 8,2), әлсіз радиоактивті, радонының мөлшері 17,6 эман (Е), кремний қышқылы 57 мг/л. Газының құрамында азот басымырақ (98,5%). Бальнеол. мақсатта пайдаланылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub