Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шоқысу артезиан алабы"
ш (→Дереккөздер: clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер, Қазақ энциклопедиясы 9 том → «Қазақстан»: Ұлттық энцклоп using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Шоқысу артезиан алабы – Арал теңізінің солтүстігінде құмтасты қабатта қалыптасқан жер асты суы бар құрылым. Ол теңіз жағалауынан солтүстік бағытта Кіші Борсық құмының шығыс жағында орналасқан Шоқысу темір жол стансасы арқылы 100 км-ге созылған. Ені 25 – 30 км. Алаптың батысы кең тектоникалық жарылыммен шектеліп, ал шығысы Арал антиклиналдық белдеміне тіреледі. Шоқысу артезиан алабында Кіші Борсық құмына сіңген атмосфералық жауын-шашын суымен қоректенетін бірнеше арынды су қабаттары бар. Мұндағы тұщы, аздаған ашқылтым (оңтүстік бағытта) сулы қабат жоғарғы палеоген (эоцен-олигоцен) шөгінділерінде пайда болған. Қабаттың жалпы қалыңдығы 40 – 70 м, тереңдігі 100 – 230 м. Қабаттағы су арынды, ұңғымадан алынған су жер бетінен 2 – 6 м биіктікке көтеріледі.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том