Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жыңғылды (ауыл)"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
22:54, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Жыңғылды — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы.
Мазмұны
Географилық орналасуы
Аудан орталығы – Шетпе ауылынан солтүстік-батысқа қарай 45 км жерде, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс баурайының жыңғыл мен жусан аралас астық тұқымдас әр түрлі шөптер өскен сұр топырақты шөл белдемінде орналасқан<ref name="source1">«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997</ref>.
Халқы
Тұрғыны:
- 1939 адам (979 ер және 960 әйел адам) (1999)<ref name="source2">- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том</ref>;
- 2278 адам (1190 ер және 1088 әйел адам) (2009)<ref name="source2"></ref>;
- 2675 адам (2013).Үлгі:Citation needed
Тарихы
Іргесі 1930 ж. ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты "Куйбышев" атындағы ұжымшар ретінде қаланды. 1969 жылдан қаракөл қой кеңшары мен ауылдық кеңестің орталығы болды, 1995 жылдан кеңшар негізінде шаруа (фермер) қожалықтары құрылды<ref name="source1"></ref>.
Транспорты
Өтес – Бозащы су құбырының бір тармағынан тұщы су келеді<ref name="source1"></ref>.
Тұлғалары
Жыңғылдыдан Айтуған Тайұлы, Елбай Қосымбайұлы, Абыл Тарақұлы, Атанғұл Сүйесінұлы, Шамғұл Ыбырайымұлы, ақын-жыраулар және шешендер: Сам, Құлыш, Қожық, Жаман, Нұрнияз, Алхам, Алшын және т.б. туып өскен<ref name="source1"></ref>.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл бойында 70 шаруа қожалығы тіркеліп, оның 51-і тұрақты жұмыс істейді. Ауылда 2012 жылы шаруа қожалықтары мен жеке қожалықтарда мал басы саны өскен. Атап айтқанда, қой-ешкі 34500-тен 35035 басқа, жылқы 2400-ден 2472 басқа, түйе 1600-ден 1648 басқа өскен. 2012 жылға қарай 15 шаруа қожалықтары 98 гектар жерге бақша дақылдарын өсірген.Үлгі:Citation needed
Білім беру саласы
Ауылда 2 мектеп жұмыс жасауда. 2 мектепте 2012-2013 оқу жылында 592 оқушы білім алуда. 2013 жылы С.Нұрниязұлы атындағы мектеп – интернатының 250 балалық оқу корпусы және Е.Айшуақұлы атындағы орта мектепке «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның демеушілігімен жаңа газон төсеніші бар спорт алаңы салынуда.Үлгі:Citation needed
Денсаулық сақтау саласы
2012 жылы ауылдық аурухана жабылып, дәрігерлік амбулатория болып жасақталды. Бұдан басқа ауылда 1 дәріхана жұмыс істеуде.Үлгі:Citation needed
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Маңғыстау ауданы елді мекендері