Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Дағар бекінісі"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Дағар бекінісі (қола дәуірі) – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Маңғыстау ауданы, Сайөтес ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 9 км жерде, Үстірттің батыс шың-кемерінің Қызылсай терең жыралы сайының (каньоны) шығыс жағасының мүйіс тәрізді шығымында орналасқан.
Сипаты
Ескерткіш 1990 жылы Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясымен айқындалып, 2009 жылы "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесімен зерттелген.
Мүйіс тәрізді екі шығымның қосылатын тұсын, терең сай арқылы өтетін бекініс қабырғамен жалғастырған. Оңтүстігінде сайдың түбінде Дағар аталатын кішігірім көлді сумен қоректендіретін тұщы бұлақ бар. Мүйіс етегінде тас науалары бар бірнеше қолданыстан шыққан құдық орналасқан. Мүйісте құм-топырақ басып қалған, жоспарлануы мен қаланды түрлері бірдей құрылымға ие тастан қаланған бекіністің қираған қабырғасының 2 тізбегі бар. Құрылыс қабырғасының ені 7-8 м және биіктігі 1 м-ге дейін үйінді пішінге ие. Сақталған құрылысқа қарағанда, бұл екі қатарға тігінен орнатылған тақта тастар жатқан бекініс қабырғалары болған. Қаландының көрінетін ені 3-5 м. Бекіністің бірінші тізбегіндегі қабырғасында шығыңқырап тұрған 3 мұнарамен нығайтылған, ал екінші жақ қатардағы бекініс қабырғасына 2 мұнара салынған. Мұнаралар төрбұрышты жоспарда және ені 5-6 м бола тұрса да, қабырғадан 6-10 м шамасында сыртқа шығыңқы болып тұр. Қаландының кей тақта тастары қазіргі деңгейден 1,5 м шамасында биіктеп тұр. Мұнаралардың ішіне кей жерлерінен тік орнатылған тақта тастармен жасалған шағын бөлме орындары аңғарылады.
Мүйіс жарына тақау келген бекініс қабырғасы жәшік тәрізді салмақты (4×2) құрылыстармен тұйықталады. Қабырға тізбектерінің ені 2 м-ден асады және ұзындығы 10 м шамасындағы дәліз түріндегі өткелдермен қиылған. Өткел мұнаралар арасында қабырғалардың ішкі жалпақтығынан 3-4 м болатын дәліз шығымы арқылы жасалған. Бекініс аумағының кей жерлерінде шақпақ тас жарықшақтары да табылған.
Мүйістің солтүстік жағында қатты шайылып, топырағы сырғыған мал айдайтын 2 соқпақ жол жасалған. Оңтүстік жағындағы бірінші қабырғаның еден аумағында диаметрі 5-8 м болатын 3 тас қабір үсті құрлысының қирандысы бар, оның екеуінде 2 тас жәшік 2×1 м (шығыс пен батыс кіндік сызығымен бағытталған) және 1×1 м өлшемді (қабырғалары төрт тарапқа қарағаны) жақсы байқалады. Мұнда сонымен қатар XVIII-XIX ғасырларда қойылған кішігірім бейіттер де бар.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>