Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Төбеқұдық қорымы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Төбеқұдық қорымы – дәстүрлі діни ескерткіштер тобы (XVIII-XX ғ-лар), Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы Таушық ауылынан солтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан.

Сипаты

Бұрыс көпбұрышты пішінді, ауданы 04 га, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Төбеқұдық қорымында 162 ескерткіш, оның ішінде батыс және оңтүстік шетте орналасқан 7 шағын қойтас бар. Жасалу көркемдігі айрықша бұл ескерткіштердің басқалардан өзгешелігі – қабірлер көлденең қойылған қойтастардан қаланып, ал оған жалғастырыла құлпытастар тұрғызылмаған. Құмдық әктасты біртұтас блоктардан қашалған қойтастар, басқа қорымдардағы осындай шағын қойтастармен салыстырғанда, көлемі жағынан едәуір үлкен. Жалпақ төсектастарға немесе тікелей жерге орнатылған қойтастар іргетас түрінде жасалған төменгі бөлік пен жоғарғы бөлік (ұшар басы) болып екіге бөлінеді. Іргетастардың 2,3 сатылы аласа тұғырлары, сәнделген қырлары, ширатылған жіп тәрізді белдеулері мен қуыс жиектері бар.
Қойтастардың бәрі дерлік төмен қарай тарыла түскен, көлденең қимасында жартылай шеңберлі ұшар басы болады. Араб әрпімен жазылған жазулар, әдетте қойтастардың батыс жақ кесігіне орналастырылған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері