Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ералиев ісі"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Жылжытылсын

Шабден Ералиев ісі1928 жылы қараша айында бұрынғы Адай округінің басшы қызметкерлері мен қатардағы еңбек адамдарының үстінен қозғалған қылмыстық іс.

1920 жылдары кеңес өкіметінің жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін, өлкенің табиғи-экономикалық ерекшеліктерін ескермей, таптық саясат негізінде жүргізген саяси-әлеуметтік шаралары Маңғыстау өлкесінің жергілікті халқының наразылығын туғызады. Осыған байланысты әр түрлі себеппен орнынан алынған бұрынғы Адай уезі ревкомының төрағасы Тобанияз Әлниязұлының және т.б. кеңес өкіметіне қарсы әрекет етуде деген адамдардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы керек еді. Осы істің орайы тек 1928 жылы 2 қарашада іс-сапар кезінде округтік атқару комитеті төрағасының орынбасары Шабден Ералиевтің кемеден із-түзсіз жоғалып кетуіне байланысты туды. “Бұрынғы Адай округінің байларының, саудагерлерінің, баяғы патша өкіметінің қызметкерлері мен кеңес қызметкерлерінің контрреволюциялық ұйымы туралы” деген атпен қылмыстық істер кодексінің 58-бабының 2-тармағы бойынша қозғалған осы іс бойынша 70 адам тұтқынға алынды. 1930 ж. 9 қазанда ОГПУ үштігінің үкімімен 61 адам сотталды (9 адам тергеу кезінде түрмеде өлген). Жауапқа тартылғандардың ішінде Әлниязов, С. Жұбаев, Б. Қилыбаев, О. Көбеев, Қ. Қожықов сияқты елге белгілі адамдар, Ш. Үсенбаев, Қ. Құлшаров сияқты жергілікті басшы қызметкерлер, 11 коммунист болды.

Бір жылдан кейін денесі теңізден табылған Ералиев қастандықпен өлтірілген деген медициналық сараптау қорытындысының негізсіз екенін КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясы 1958 жылғы 8 наурызда анықтап, сотталғандардың қимылында қылмыстық құрам болмағандығын дәлелдеді. Кезінде атылып кеткен Әлниязов, Жұбаев және т.б. ісі Қазақ КСР Жоғарғы сотының 8.2.1962 ж. және 26.4.1990 ж. шешімдерімен тоқтатылып, өздері ақталды.

Алайда “Ералиев ісі” Маңғыстаудағы халық наразылығына тежеу бола алмады. Күштеп ұжымдастыру мен 1931–1932 жылдары ашаршылық қаупіне байланысты бұл іс Адай көтерілісіне ұласып кетті.

Кезінде Ералиев есімі берілген аудан мен ауыл аты 90-жылдары өзгертіліп, Қарақия ауданы (орт. Құрық) деп аталды.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref><ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972–1978</ref><ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер